Жаңалықтар

Қазақ КСР-нің халық әртісі Бикен Римованың 100 жылдық мерейтойына арналған «Ғасыр тойы» кітабының тұсаукесері

Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қырғыз Республикасы өнерінің еңбек сіңірген қайраткері, актриса Бикен Римованың туғанына 100 жыл толуына орай журналист, республикалық «Үшқоңыр» газетінің бас редакторы Болат Батыр мен Қазақстанның театр қайраткері Зәмзәгүл Әмірғалиеваның бірлесе шығарған кітап авторларының «Болат Медиа» баспасынан жарық көрген «Ғасыр тойы» атты кітабының тұсаукесері өтті. Шара барысында кітап авторларының өмірі мен шығармашылығы жайлы бейнеролик көрсетіліп, ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Әміре Әрін және ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Нүсіпбай Әбдірахым кітаптың тұсауын кесті. Рухани шараға жиналған қауым арасынан Талдықорған драма театрының директоры Ерлік Жуасбек және ақын Гүлбақыт Қасен сөз алып авторларға ықылас танытып, шығармашылық табыстар тіледі. Республикалық «Үшқоңыр» газетінің...
Толығырақ... Оқылды: 50 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 28.11.2023

«Кітап оқу көшбасшысы-2023» облыстық байқауы

Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «Оқитын ұлт» жобасын іске асыру, балалар әдебиетін кеңінен насихаттау, оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Кітап оқу көшбасшысы-2023» облыстық байқауы өтті. Жарысқа көркем сөз оқу шеберлігін игерген 11-12 жас аралығындағы аудан, қала мектептерінің 16 оқушысы қатысып бақ сынасты. Байқау үш кезеңнен тұрды. І кезеңде «Эссе» жазу яғни, алдын ала ережеге сай үздік 6 автордың шығармаларына эссе жазып, қазылар алқасына берді. ІІ кезеңде «Портретті біліңіз» тапсырмасында, экраннан ұяшықтарды тандай отырып, ұяшықта жасырылған белгілі жазушылардың аты-жөнін суреті бойынша тауып, жауабын қазылар алқасына ұсынды. ІІІ кезеңде «Әрі қарай, әрі қарай…» тапсырмасы бойынша оқыған 6 автордың шығармаларынан сұрақтар қойылды. Байқауға «Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің», «Тілдерді дамыту жөнін...
Толығырақ... Оқылды: 44 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 27.11.2023

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған байқау өтті

Зағип жандардың компютерлік сауаттылығын арттыру, нүктелі – бедерлі сезіну қабілетін дамыту, ой-өрісін кеңейтуге ат салысу мақсатында Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімі 13 қараша Халықаралық зағиптар күніне орай «Саусақ ұшындағы әлем» атты байқауын өткізді. Байқау «Брайль қарпінде жазылған мәтінді мәнерлеп оқу», «Дербес компьютерде арнайы бағдарламаларды қолдану», «Суретті саусақ ұшымен сезіну арқылы сипаттау» атты үш турдан тұрды. Байқауға зағип және нашар көретін 9 азамат қатысты. Соның ішінде 1-ші топ көз мүгедектері: Анатолий Акимов, Шырынгүл Смағұлова, Лариса Борисова, Айгерім Көпбаева, Владимир Байрамов, Қанат Искаков және 2-ші топ көз мүгедектері: Биғайша Уразжанова, Мадина Искакова, Серік Ахметов қатысты. Сондай-ақ, Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ермек Мизамбаев, Жетісу...
Толығырақ... Оқылды: 33 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 17.11.2023

Талдықорғанда жазушы, журналист Шархан Қазығұлдың «Күлпет» романының таныстырылымы өтті

31 қазан күні Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында ел патриоттары мен руханият жа­­­­нашырларының азаматтық жо­­басы «Меценат» әдеби сый­­лы­­ғының тұнғыш жеңім­пазы жа­­­зушы-публицист Шархан Қа­­зығұлдың «Күлпет» рома­­­­­ны­­ның таныстырылымы өтті. «Күлпет» романы Қазақстанның социализм дәуіріндегі кезеңінен бастап қазіргі күнге дейінгі тарихын басты кейіпкер Әбужан Райысовтың өмірі мен тағдыры арқылы суреттейді. Роман туған жерге деген махаббат пен шынайы патриотизм, қазақ әйелінің адалдығы, ұлттық дәстүрді сақтау сияқты құндылықтар арқылы бүкіләлемдік сұрақтарға жауап іздейді. Шара барысында Шархан Қазығұл туралы «Сөз зергері» атты бейнеролик көрсетіліп, Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сұлтанұлы және ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Нүсіпбай Әбдірахым авторд...
Толығырақ... Оқылды: 35 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 01.11.2023

Алғаш рет кітапханашылар күні атап өтілді

ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 18 қазан № 833 қаулысымен «24 қазан – КІТАПХАНАШЫЛАР күні» болып бекітілген болатын. Осынау атаулы мерекені Жетісу облысы да назардан тыс қалдырмады. 2023 жылдың 19 қазанында Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «24 қазан – Кітапханашылар күні» мерекесіне орай «Кітапханашы – мәртебелі мамандық» атты салтанатты кеш өтті. Салтанатты кеште «Кітапхана – рухани қазына ордасы» атты бейнеролик көрсетіліп, Жетісу облысының мәдениет,архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сұлтанұлы кітапханашыларды құттықтап, құнды қазынамызды көзінің қарашығындай сақтап жүрген кітапханашылардың еңбегіне табыс тіледі. Кәсіби мерекеге орай 11 кітапханшыға әртүрлі номинациялар бойынша сертификаттар табысталса, 18 кітапханашы ҚР Ұлттық кітапханасының кітапханалық одағы ұсынған «Қазақстанның үздік кітапханашысы» төсбелгісімен, 11 кітапханашы Жетіс...
Толығырақ... Оқылды: 46 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 19.10.2023
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика